"БМ" арағымен аты шыққан кәсіпкерге ауыр айыптар тағылды

"БМ" арағымен аты шыққан кәсіпкерге ауыр айыптар тағылды

Таразда ең ірі заңсыз алкоголь өнімін өндіру арналарының бірін ұйымдастырды деп айыпталып отырған Сұлтан Махмадовқа қатысты сот процесі аяқталуға жақын.
Қаржылық мониторинг агенттігі Махмадовқа суррогатты алкоголь өнімдерін дайындаумен және өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және басқарды деген айып тағып отыр деп жазады Democrat.kz. сайты Kerekemes.kz-ке сілтеме жасап. 

Тергеу нұсқасы бойынша, оның бақылауындағы «БМ» ЖШС ресми тіркеліп, салық төлегеніне қарамастан, заңсыз әрекеттерді жасыру мақсатында пайдаланылған: шығарылған өнімдерге жалған акциздік маркалар жапсырылған. Сот алдында оның үш сыбайласы да жауап беруде.

Сот жарыссөзі барысында мемлекеттік айыптаушы басты айыпталушыға 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрады. 

Қорытынды шешімді судья Светлана Дмитриева қабылдауы тиіс. Айта кету керек, сотталушы бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған: 2009 жылы осындай құқық бұзушылықтары үшін ол 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын, алайда 3 жылдан кейін Тұңғыш Президенттің кешірім жасау туралы жарлығы негізінде босап шыққан. 
Қазіргі жағдай Қуандық Бишімбаевтың ісімен ұқсас, ол кезде де ауыр қылмыс үшін сотталған адамның мерзімінен бұрын босатылуы кейіннен жаңа, аса ауыр қылмыстың жасалуына алып келген еді.

Барлық жаңалықтар