Болат Назарбаевтың көршісі ел білмейтін жайттарды жайып салды

Болат Назарбаевтың көршісі ел білмейтін жайттарды жайып салды

Журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында марқұм Болат Назарбаевтың көршісі болған Дәулет Әбенов елге беймәлім жайттарды айтты деп жазады Democrat.kz.

"Болат Назарбаев өте адал, таза, қолынан келсе, көмек беретін жомарт жан еді. Шындықты айтуым керек, кеше ғана араласып, бүгін сөзден тайқып шықсам, болмайды. 

Мені барлық жиындарына шақыратын. Арамыз өте жақын және жақсы болды. Ол кісінің артынан дұрыс емес сөздер болды. Содан денсаулығы бұзылып, өмірден кетті. 

Бөкеңнің айналасында жүргендер Болаттың атынан талай мәселесін шешкен екен. Соның кесірінен де ол кісіге сөз тиді. Енді естіп, біліп жатырмыз ғой. Ал бірақ біздің Бөкеңмен сыйластығымыз жақсы болды" дейді Дәулет Әбенов. (Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз басатын арсыз сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)

 

Барлық жаңалықтар