"Бөпелерін қайда тастарын білмей..."деген Димаштың анасы танымдық мәселені сөз етті

"Бөпелерін қайда тастарын білмей..."деген Димаштың анасы танымдық мәселені сөз етті

Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана өз сұхбатында жас отбасыларға қатысты танымдық мәселені сөз етті деп жазады Democrat.kz.

"Жас отбасыларға екі жақтың ата аналары екі жақтап көмектесуі керек. Балалардың жақсы тұрып кетуіне, ауызбіршілікте жүруіне екі жақтың анасының рөлі өте үлкен. 

Жаңадан түскен келінге "шырағым, қарағым" деп қарайласып, бөпесі болса, көмектесіп, қызметі болса, "бара қой" деп уақытылы жұмысын жасауына мүмкіндік берсе, ұрыстың алдын алған болар еді. 

Айналамызда өзіміз таныитын қаншама жастарды білеміз, жұмыс істегісі келеді, бірақ бөпесін қайда тастарын білмейді. Немере баққысы келмейтін енелер көбеюде. 

Сондықтан тұрмыстың тауқыметі жастардың ажырасуына көбірек әсер етеді деп ойлаймын" дейді Светлана Құдайбергенова. 

Барлық жаңалықтар