"Б...қа үймелеген шыбындар" деген "Супер тамаданың" сөздері жұрттың ашуына тиді

"Б...қа үймелеген шыбындар" деген "Супер тамаданың" сөздері жұрттың ашуына тиді

Әлеуметтік желіде «Супер тамада Сабыржан» деген атпен танылған асабаның той үстінде айтқан сөзі қызу талқыланып жатыр. Бейнежазбада жүргізуші өзін «корольге» теңеп, сахнаға қайта оралғанын әзілмен жеткізеді деп жазады Democrat.kz.

Супер тамада деген атпен танылған Сабыржанның бір тойда айтқаан сөздері әріптестерінің намысына тиіп кеткен сияқты. Әлеуметтік желіде Сабыржанның сол видеосын шығарған әріптесі Дамир Қуатханов ренішін жеткізді.

Дамир Қуатханов көрсеткен видеода "Супер тамада": "Мен сияқты "король" келгенде, өзің қарсы ал. Қайдағы бір, б...қа үймелеген шыбын құсатып, біраз тамаданы жинап алыпсың. Біразын танымаймын олардың. Ертең олардың бәрін іріктейміз. 100-150 мың теңгелік тамадаларды жинап, үстінен дихлофос сеуіп таста", - деп әлдекімге ақыл айтып тұрғаны байқалады.

Әріптесінің осы бір сөздеріне реніш білдірген Дамир Қуатханов ризық-несібені адамның өзі емес, Жаратушы беретінін еске салды. Оның айтуынша, қандай да бір тойды ақысының аздығына қарап төмен санау – қарапайым халықты да, сол қаражатқа адал еңбек етіп жүрген жүргізушілерді де кемсіту.

«150–300 мың теңгеге тойды жоғары деңгейде өткізіп жүрген асабалар бар. Халықтың барлығы бірдей қымбат жүргізуші шақыра алмайды», – деген мазмұндағы пікірлер жарияланымның астында да жазылған.

Әзірге асаба Сабыржан желіде айтылған сындарға жеке түсініктеме берген жоқ. Бейнежазбадағы сөздердің әзіл немесе сахналық образ ретінде айтылғаны да толық анық емес. Сондықтан жұрттың пікірі қысқа үзіндінің мазмұнына негізделіп отыр.

Барлық жаңалықтар