БҚО-да оқушылары бар автобус апатқа түсті

БҚО-да оқушылары бар автобус апатқа түсті

Батыс Қазақстан облысының Подстепное кенті маңында жолаушылар автобусы мен мектеп автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Democrat.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Самара – Шымкент республикалық автожолымен келе жатқан маршруттық автобус мектеп автобусымен соқтығысып, салдарынан соңғысы инерциямен алда тұрған автокөлікке соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер тіркелді, олардың ішінде балалар да бар. Қаза болғандар жоқ. Барлығына медициналық көмек көрсетілді», - делінген полиция хабарламасында.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Маршруттық автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Барлық мән-жай анықталып, әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің саны мен жағдайы туралы қосымша ақпаратты кейінірек хабарлайтынын мәлімдеді.

Барлық жаңалықтар