Әлеуметтік желіде тараған видеода діндар Сырым Әуезхан "Менің атым-Қожа" фильмін діни тұрғыдан тәпсірлеп, жұрттың сынына қалды деп жазады Democrat.kz.
Сырым Әуезханның пайымына салсақ, "Менің атым -Қожа"фильмі "тұнып тұрған" ислами, діни пәлсапаға құрылған фильм екен.
Діндар Сырым: "Бұл фильмдегі бас кейіпкердің аты - Қожа. Қожа - қожайын деген мағынаны білдіреді және дінге ие болатын адамды, қожаларды айтады. Қожаның досының аты - Сұлтан. Қазақта дінді басқаратынды - қожа, ал елді басқарушыны - Сұлтан деген. Фильмде Қожа қандай қиын жағдайға ұшыраса да, Сұлтанды сатпайды.
Ал Қожаның анасының аты - Милләт. Арабша - ұлт дегенді білдіреді. Қожаның жақсы көретін қызының аты - Жанар. Фильмде бұл "Жан-Ар" деп жазылатын жері бар.
Яғни, Қожа үшін жан мен ар қымбат дегенді білдіреді" деп тәпсірлейді.
Сырымның тәпсіріне қатысты жұрт "Менің атым-Қожа" шығармасының авторы Бердібек Соқпақбаевтың аруағынан да қорықпаған діншілдер енді фильмдерге "ауыз сала" бастағаны ма, бұл қалай?" десуде.