Бүгін Қарағандыда аспаннан бауырсақ "жауады"

Бүгін Қарағандыда аспаннан бауырсақ "жауады"

Бүгін, яғни 17 наурызда Қарағандының облыс орталығында Наурыздың онкүндігі аясында отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерге арналған мерекелік бағдарлама өтеді деп хабарлайды Democrat.kz.

Ең ерекше оқиғалардың бірі Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы акция болады:сағат 12: 00-де дрондар аспанға көтеріліп, мереке қонақтарына аспаннан бауырсақ тарата бастайды. 

Саябаққа келушілер аспаннан жауған бауырсақтарды тікелей қағып алып, бұл ерекше интерактивті шоудың бір бөлігі бола алады.

Сондай-ақ, бұл күні 25 және 50 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптыларға құрмет көрсетіледі.

Биылғы жылы мереке ұлттық дәстүрлер мен заманауи технологияларды біріктіреді. Бағдарламаға жастар арасында қазақстандық мәдениетті насихаттауға және отбасылық мереке атмосферасын құруға бағытталған интерактивті және технологиялық форматтар енгізілген.

Барлық жаңалықтар