Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады?

Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады?

Елордада бокстан әлем кубогінің үшінші кезеңі өтіп жатыр.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан Әлем кубогінің екінші жарыс күні 6 отандасымыз рингке шығады.

Күндізгі сессия 14:00-де басталады.

1-жұп. 54 келі

Феруза Казакова (Өбекстан) - Әнел Сақыш (Қазақстан)

5-жұп. 55 келі

Махмұд Сабырхан (Қазақстан) - Жаеонг Шин (Оңтүстік Корея)

9-жұп. 80 келі

Нұрбек Оралбай (Қазақстан ) - Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан) - Париж Олимпиадасының 1/4 финалында жолыққан.

Кешкі сессия. 19:00 де басталады.

4-жұп. 75 келі

Надежда Рябец (Қазақстан ) - Вивиана Дос Сантос Перейра (Бразилия)- 2021 жылы «Странджа» турнирінде Надежда басым түскен.

6-жұп. 60 келі

Серік Теміржанов (Қазақстан ) - Якоб Кассар (Жаңа Зеландия)

11-жұп. +90 келі

Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы) - Айбек Оралбай (Қазақстан).

Жарысқа кіру тегін.

Барлық жаңалықтар