"Бұл - жеңіліс емес" деген Тұрсынбектің әйелі жерлесімен мақтанды

"Бұл - жеңіліс емес" деген Тұрсынбектің әйелі жерлесімен мақтанды

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова баласы екеуі "Қайрат" "Реал Мадрид" футболынан алған әсерін бөлісті деп жазады Democrat.kz.

"Баламның футболдан алған әсерінен менің де аналық бақытым еселеніп жымиып, жайланып отырып жазған постымды қабыл алыңыздар. 

 

Нұриман 7 жасынан футболмен айналысады. Қазіргі барып жүрген футбол командасы туралы да кейінгі посттарды жазатын боламын. Ал кешегі ойын бойынша Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Қайрат командасының патриот жанкүйері, тарихы мен дәстүрі бар Испандық РеалМадрид клубы ойыншыларының фанаты, жас футболшы Нұриманның ойын, пікірін салғым келіп отыр.

 

Әлемдік деңгейдегі ойынды көре отырып, Қайратқа жанкүйер болып отырған балам Осы тарихи ойында бас тренер Уразбахтиннің тактикасын бұзған 2 пенальти деді. Ойынды өте мықты қарқынмен бастаған біздің қақпаға қойылған пенальти және біз қою керек болған пенальти біздің ойыншылардың жігерін құм етіп, қарқынын басып тастады. 5:0 деп болжамдағанымдай болды, бірақ Қайрат 3 гол сала алатындай мүмкіндіктері болды, ұзақ ойланып қалды.

Бәрібір Қайрат мықты команда, 2026 жылы Дастан Челсиға кетіп қалғанмен басқа да футболшылар да өседі. Шерхан 20 сейв істеді, өзінің трансферін жақсарта алады. Оны РеалМадрид көрді. Ұлымның бала көңілі осындай. Дастан Сатпаевтың фанаты болып, 1 гол салғанда ғой деген өкінішпен шықты. Ұлымның ойы осындай

Мен де айтар едім, бұл жеңіліс емес, бұл үлкен тәжірибе. 17-18 жастағы қазақ балаларына да ет бітіп, қайсарлығы артып, әлемді бағындарады. Көздерінен от көрдім, жалындаған жігер көрдім. Мықты қолдау көрдім.

Қайрат Боранбаев менің жерлесім, Торғайдың тумасы - Қазақстандағы жалғыз футбол академиясын салып, осы қазақ балаларының жолын ашып жатыр, бұл академия ТМД елдерінде де теңдесі жоқ деп естігенім бар еді.

Торғай елі, Амангелді ауданы, менің ауылым Үрпекте туған Қазақстанның халық әртісі Әнуар Боранбаевпен мақтанамыз (Гаухар тас фильміндегі Тастан рөлін сомдаған).
Қайрат Боранбаев осы кісінің інісі. Біздің елдің азаматы қазақ футболын осындай дәрежеге шығарғанын әрине мақтаныш.

Қайраттық футболшылардан қазақы рух көріп, көңілім тасып отыр. Тарихы бар, дәстүрі бар команда деп біз де әлемді елеңдетер команда болатынына сенеміз"деп жазды Мөлдір Мұқанова. 

Барлық жаңалықтар