Бұл - оқушыға трайбализм дертін жұқтыру емес пе?

Бұл - оқушыға трайбализм дертін жұқтыру емес пе?

Әлеуметтік желіде кішкентай оқушыларды руын айтқызып, кабинеттен шығару тренді басталған сыңайлы деп жазады Democrat.kz.

"Біз руға бөлінбейміз, бірақ әрбір қазақ баласы өз руын білуі қажет" деген жазбамен тарап жатқан видеоларда сабақтан үйіне қайтып бара жатқан оқушыларды біртіндеп руын айтқызып шығарып жатқан мұғалімді көресіз

Бір сыныптың оқушыларының әрқайсысы "руым пәлен", "руым түген" деп айтып, біртіндеп шығып жатыр. 

Бұл видеоға қатысты жұрт "ооо, менің руымнан екен!", "мен де сол пәлен деген руданмын!", "түген деген ру сила!" Деген сыңайда пікір жазуда. 

Қазақ болған соң, руымызды білгеніміз дұрыс. Трайбализм деп аталатын жерге, руға бөліну дерті күні бүгінге дейін ұлтымызға жабысқан ауыр дерт екенін ескерсек, титтей балаларға руын дауыстап айтқызып қажеті бар ма?

Ру тақырыбында "мен пәлен руданмын, түген ру менен төмен" дейтін өркөкіректік де өсіп жетілетіні, соның салдарынан қазақтың арасына сызат түсетінін талай тарихи оқиға көрсетпеді ме?

Әр бала кішкентайынан жеті атасын, руын біліп өскені маңызды. Әйтсе де, руын әр жерде мақтанып, айғайлап айтудың маңызы бар ма? Бүгін руласы мен басқа руды ажыратып, білген бала ертең рушыл, трайбалистке айналмай ма, қалай ойлайсыз?

Дайындаған: Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Барлық жаңалықтар