Танымал продюсер Баян Алагөзова өзінің Instagram - дағы аккаунтында ақтөбелік емшіге қатысты пікір білдіріп, мәселені заңмен шешетінін мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.
"Әлеуметтік желіде медиа адамдарына тіл тигізіп отыратындар бар. Адамдар ойына келгеннің бәрін жазып, айта береміз деп ойлайды.
Ақтөбеде белгілі бір" емші " тұрады, ол TikTok-та ақша үшін бата береді. Оның адамдарды емдеуге лицензиясы бар ма? Салықтар төленеді ме? Бұл бөлек әңгіме", - деп жазды продюсер.
"Көптен бері тікелей эфирде ол мені, Динара Сәтжанды және басқа адамдарды қорлап, мен, Динара және басқа адамдар туралы жалған ақпарат таратып, ойына не келсе, соны айтып жүр. Мені өз жобаларыма мемлекеттен ақша алады дейтін өтірік нәрселер айтуда. Бұл өтірік. Және бірден заңның бірнеше баптарын бұзу болып табылады.
Қазір бұл мәселемен менің заңгерлерім айналысуда. Мен өзімді қорлауға жол бермеймін. Мен туралы өтірік айтуға жол бермеймін", - деген Баян Алагөзова басқаларға да ескерту жасады.