"Бұл-қастандық": "Бүкіл мұғалімнің дипломы тексерілсін" дейді қоғам белсендісі

"Бұл-қастандық": "Бүкіл мұғалімнің дипломы тексерілсін" дейді қоғам белсендісі
Біздегі білім саласында ең өзекті мәселенің бірі мұғалімдердің дипломдарынадеген күдік екені жасырын емес. "Дипломын оқымай сатып алған"дейтін сөзтіркесінің күнделікті қолданысқа кірігіп кеткені сондай, қазір декретте отырған кей әйелдер бір мектепті басқарып, педагог болып шыға келетін жайттар аз кездеспейді. Осы мәселеге байланысты қоғам белсендісі сөз қозғап, ұсыныс айтты деп жазады Democrat.kz. 
 
"Диплом сатып алған мұғалім — ұрланған болашақ.
Мұғалімнің дипломын тексеру – қажеттілік, күдік емес.
 
Білім сапасы ең алдымен мұғалімнің білімі мен адалдығына тіреледі. Ал білімі күмәнді, дипломы қолдан жасалған ұстаз – бір ғана мектептің емес, тұтас ұрпақтың болашағына қауіп.
 
Дипломды тексеру – мұғалімді қорлау емес. Бұл – мемлекет алдындағы, ата-ана алдындағы, бала алдындағы жауапкершілік. Егер дәрігердің дипломын тексеру қалыпты болса, егер судьяның, инженердің құжаты қатаң сүзгіден өтсе, онда адам тәрбиелейтін, сананы қалыптастыратын мұғалімнің дипломы неге тексерілмейді?
 
Жалған дипломмен жұмыс істеу –
заң бұзушылық,
 кәсіби сатқындық,
 ең сорақысы – ұрпаққа жасалған қиянат.
 
Шынайы, адал, білімді мұғалім тексеруден қорықпайды.
Қорқатындар – жасыратыны барлар.
Білім беру саласында тазалық болмаса, нәтиже де болмайды.
 
Сондықтан мұғалім дипломын жүйелі түрде тексеру – уақыт талабы.
Ұстаз мәртебесін көтереміз десек,
алдымен жалған ұстаздардан арылуымыз керек.
 
Мұғалім — ұлттың ар-ұяты, ертеңгі күннің сәулетшісі дейміз. Ал сол қасиетті мамандыққа ақша беріп диплом алған адам келсе ше?..
 
Ол тақтаға тек формула емес, ол сыныпқа тек тақырып емес, ол балалардың санасына өтірік пен жеңіл жолды үйретеді.
 
Білімді емес — қағазды ұстап тұрған мұғалім шәкіртті өсірмейді, ол тек жүйені іштен ірітіп, қоғамды алдап тұрғанын сезбейді… не сезгісі келмейді.
 
Бүгін диплом сатып алынды, ертең әділдік сатылады, ал ар-ұяттың бағасы мүлде болмай қалады. Мәселе бір адамда емес. Мәселе — білімді тауарға айналдырған жүйеде. Сол жүйеге көз жұма қарағанымызда.
 
 Балаға білім беретін адам ең алдымен адал болуы керек.
Өйткені ұстаздың өтірігі — бір ұрпақтың трагедиясы"дейді Мадина Жұбаныс. 
 
Осыған қатыстыжұрттың басым көбі "мұғалімдердің дипломдары тексерілуі керек", "ешбір жерде оқымай, дипломды сатып алып, бюджетен айлық алып жүрген мұғалім аз емес"дегенге саятын пікір жазуда. 
 
Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ
Барлық жаңалықтар