Бұл - рухани отарлану: Қоғам белсендісі депутаттарға үндеу жариялады

Бұл - рухани отарлану: Қоғам белсендісі депутаттарға үндеу жариялады

Танымал қоғам белсендісі Тұрар Құсайынұлы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына үндеу жасады деп хабарлайды Democrat.kz.

"Құрметті халық қалаулылары!

Біз, Қазақстан азаматтары, қазақ халқының көпғасырлық рухани-мәдени мұрасын сақтау және ұлттың ішкі тұтастығын қорғау мақсатында Сіздерге ерекше өтініш білдіреміз.

Бүгінгі заманда әртүрлі діни ықпалдардың көбеюі қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымыны мен ұлттық болмысына тікелей қауіп төндіріп отыр.
Қазақтың бай шежіресі, Тәңірлік дүниетанымы, салт-дәстүрі мен рәсімдері араб-парсы идеологиялық жүйесімен ығыстырылып, рухани отарлану қаупі нақты сипат алып келеді.

Осыған орай, "Қазақ ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрін қорғау туралы" арнайы заң қабылдауды ұсынамыз.

Бұл заң:

Қазақ халқының діннен тәуелсіз рухани кодының құқықтық негізін айқындайды;

Мемлекеттің ұлттық дәстүрлерге араласуға жол бермейтін шеткі діни ықпалдарға тосқауыл болуын қамтамасыз етеді;

Тәрбие мен білім берудің, БАҚ-тың, мәдениет пен руханияттың ұлттық бағытпен дамуына құқықтық жағдай жасайды.

Бұл – тек мәдени мәселе емес, бұл – ұлттық қауіпсіздік пен болашақ буынның тағдырына қатысты мәселе.

Сіздерден осы бастаманы қолдап, төменде "Демос" қоғамдық бірлестігі ұсынған Заң жобасын Мәжіліс қарауына енгізуді сұраймыз" деп жазды бір топ қоғам белсенділері мен "Демос" қоғамдық бірлестігінің атынанТұрарбек Құсайынұлы.

Фото көрнекілік үшін. 

Барлық жаңалықтар