"Бурахан, жайыңа жүр!" деген журналист теріскейге адам көшіруге тыйым салды

"Бурахан, жайыңа жүр!" деген журналист теріскейге адам көшіруге тыйым салды

Әлеуметтік желіде журналист Нұрсұлу Мырзахмет оңтүстік өңірден теріскейге адам көшіруді насихаттап жүрген қоғам белсендісі Бурахан Дақановқа "жайыңа жүр" деп жазба жариялап, қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

Журналист Нұрсұлу Мырзахмет бұған деейін де оңтүстік аймақтың адамдары туралы негатив жазбалар жазып, біраз адамның ашуына тиіп, "танымал болғаны" мәлім. 

Бұл жолы журналист Бурахан Дақановқа "жайыңа жүр! Солтүстік сендерге пана болуға міндетті емес!" Деген жазбасымен қызу талқыға түсті. 

Мұнан басқа, журналист:"Сен жұртты Солтүстікке шақыра беретін кімсің? Солтүстік сенің туған жерің емес! Керек болса, өіңді Солтүстіктен көшіріп жіберемін!

Қалай қаңғып келдің, солай кетесің! Солтүстік сені және сенімен бірге шұбырып келгендерді пана қылуға міндетті емес! 

Өз жағыңа сыймасаң, ол сенің проблемаң! Өз туған жағыңда қадірің болса, қаңғып жүрмес едің! Соған қарағанда, өз туған өлкеңде қадірің болмай тұр ғой!" Деп жазды. 

Бірнеше жылдан бері оңтүстіктен талай отбасыны Солтүстікке көшіріп, теріскейдің босаған ауылдарын қазаққа толтырам деп шауып жүрген Бурахан Дақановқа қаратып жазылған мына жазбаға жұрт реніш білдіруде. 

Жұрт "Журналистің жазбасы 174- бапқа сұранып тұр ғой", "мынау не сұмдық?", "кім қайда тұрғысы келсе, өзі біледі", "мына журналисті сотқа беру керек" дегенге саятын пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар