Бұрынғы мен қазіргі сынып жетекшілікті салыстыру мүмкін бе?

Бұрынғы мен қазіргі сынып жетекшілікті салыстыру мүмкін бе?
Белсенді педагог Айнұр Сабыр мектептің сынып жетекшілігі мен оған артылған жүктің тым ауырлығы туралы жазба жариялаған еді. Сол жазбаға қатысты танымал педагог Дана Рау өз заманындағы сынып жетекшіліктің жетістіктерін айтып, пікірін білдірген. "Кезінде біз..."деп басталатын Дана Раудың жазбасына Айнұр Сабыр дәл қазіргі жағдай бойынша жауап берді деп жазады Democrat.kz.
 
"Қазіргі сынып жетекшілерге шамадан тыс ауыр жүк жүктеп қойды. Бұл жөнінде алдыңғы постымда жазып едім.
 
Сынып жетекшілердің үйіндегі өз баласын қарауға уақыты жоғы рас. Оның да баласына тәрбие керек.
Осыны айтсақ, Dana Rau апамыз сияқты қырық жыл бұрын сынып жетекші болғандар "баяғыда тегін бүйттік, сүйттік" деген әңгімелерін тықпалап, министрліктің қорғаушысы болып отыр.
 
Ол кездегі бала мен қазіргі баланың арасы жер мен көктей.
 
Егер бірдей болса, неге кеше біресе балта алып шауып, біресе бірін-бірі аяусыз ұрып-соғып, өлтіріп жатыр?
 
Қазіргі сынып жетекшілер баланы мектепке кіргеннен үйіне жеткенше бақылап, қоңырауда да дем алмастан баланың соңында жүреді.
 
Тіпті қағаздарын үйіндегі бала-шағасын ысырып қойып, күнімен-түнімен жазады.
 
Ал соған төленетін ақысы 10 мың теңге.
Сынып жетекші - пән мұғалімі. Оның сабақтары тағы бар. Сабақ кезінде сыныбында жазатайым оқиға болса, беріп жатқан сабағын тастап, ата-ана мен баланың ортасында шапқылап жүретіні тағы бар.
Сондай кезде сенің түнімен-күнімен жазған қыруар қағазыңның құны көк тиын болып қалады...
 
P.S.
Үйде қызым қызуы қырық боп ауырып жатыр, мен жұмыста министрліктен келетін "құдаларды" қарайлап, астаң-кестең боп отырмын..."дейді Айнұр Сабыр. 
Барлық жаңалықтар