Әлеуметтік желіде бірнеше күннен бері әнші Ерке Есмахан мен күейуі Райымның бір әніне қатысты қызу талқы жүріп жатыр деп жазады Democrat.kz.
"Даудың басы..." Райымның "бұйра, бұйра" дейтін сөзі бар әні бұрынғы сүйіктісі Наргизаға арналған дегеннен шықты.
Бір тарап "иә, сол кезде Райым Наргизаға арнап бірнеше ән шығарған. Наргизаның шашы бұйра, еркеге арналмаған бұл ән" десе, қарсы тарап "Райым тек Еркені сүйеді, соған ғана ән арнайды. Еркенің шаштары бұрын өте бұйра болған"дейді.
Осы даудың арасында Ерке Есмаханды жақыннан көріп, танысқанын айтқан Аяулым Сабыржан атты желі қолданушы:
"Барлығы Райым мен Ерке туралы жазып жатыр, мен Еркені 2019 жылы тойда көріп қалғанмын.
Жане тредске рекке шығып лайк жинау үшін жазып жатқан жоқпын, өзімнің сезімдерім.Мен ол кезде тойда биші едім, 2 сағат сценага шығуды күтіп отырып, Еркемен әңгіме айтқан болатынбыз.
Мен сол кезде қалай ғашық болғанымды айта алмаймын, қалай әзілдің өзін қылығымен айтатынын білмеймін, бірақ стористе қандай өмірде де тура сондай. Біраз уақыттардан сон Еркеден Райым жалығады дейсіздер. Ақылды адамның сөзі емес қой бұл.
Отбасы құрғандарына 3 жыл болды, Еркенің ақылдылығы жане даналығын Райым өте қатты бағалайды.
Алда өзіміздің өмірімізде не болатынын білмейміз, сол себепті Ерке сияқты қиялдау, ертегі өмірді Алладан сұрасақ ниетке қарай береді деп ойлаймын.
Бір-біріміз туралы жақсы ойда болғанымыз, өзімізге жақсы. Барлықтарыңызға тек бақыт", деп жазды.