Темір торда отырып шыққан Ақнұр Байсариева онда өзінен ақша бопсалағанын жеткізді, деп жазды Democrat.kz.
Байсариева түрме қызметкерлері әр нәрседен сылтау іздеп, өзінен ақша сұрағанын әшкереледі.
«2021-2022 жылдар аралығында ақша бердім. Түрмеде отырып, ата-анамызға звондаймыз. Олар ішпесе де, жемесе де айтқан шотқа ақшаны салып жібереді. Ақша бермесеңіз, жолыңызды жабады, жұмыстан шығарып тастайды. Өздерінің карточкасына салдырмайды. Мен күні-түні ол жерде тігінші болдым»,– деді өткенді еске алған сотталушы.