БҰҰ Халықаралық соты Гаага қаласында консультативтік қорытынды шығарып, жұмысшылар мен кәсіподақтардың ереуіл жасау құқығын негізгі халықаралық келісімге сәйкес растады, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Orda.kz.-ке сілтеме жасап.
Он төрт судьяның оны төртеуіне қарсы дауыспен ереуіл жасау құқығын қорғау Халықаралық еңбек ұйымы қабылдаған және 158 мемлекет ратификациялаған 87-конвенцияда кепілдік берілген бірлесу еркіндігі құқығымен тығыз байланысты деп шешті. Оның іргелі маңызына қарамастан, мемлекеттер арасында конвенция ереуіл жасау құқығына тарала ма деген мәселеде әлі күнге дейін пікір қайшылығы бар.
«ХЕҰ-ның Әкімшілік кеңесі 2023 жылғы қарашада ұйым мүшелері арасында «елеулі келіспеушілік» бар екенін мойындап, сотқа сұрау жолдаған болатын. Соттың консультативтік қорытындылары міндетті күшке ие болмаса да, олар халықаралық құқықтың дамуына және мемлекеттердің тәжірибесіне айтарлықтай ықпал етеді» деп жазылған Біріккен Ұлттар Ұйымы сайтындағы хабарламада.
Қазақстан халықаралық адам құқықтары бюросы атап өткендей, Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымы мүшесі бола отырып, оның конвенцияларын бұзғаны үшін, әсіресе кәсіподақ қызметінің еркіндігі мен ереуіл жасау құқығына қатысты мәселелер бойынша үнемі сынға ұшырап келеді.
«Қазақстан үшін бұл қорытынды ереуіл жасау құқығына қойылып отырған жүйелі шектеулер аясында ерекше маңызға ие. Қолданыстағы заңнама мен құқық қолдану тәжірибесі заңды ереуіл өткізуді іс жүзінде өте қиындатып отыр, ал жұмысшылар мен кәсіподақ белсенділері еңбек наразылықтарына қатысқаны үшін жиі қысымға, жұмыстан шығарылуға және қудалауға тап болады», деп хабарлайды ҚХАҚБ.
Құқық қорғаушылардың пікірінше, бұл шешім кәсіподақ құқықтарының халықаралық кепілдіктерін күшейтіп, ұлттық соттар, үкіметтер мен жұмыс берушілер үшін маңызды бағдарға айналуы тиіс.