Әлеуметтік желіде жас дәрігердің масқара әрекеті қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
"Күлейін бе, жылайын ба?Қазір ғана поликлиникада жаңадан келген жас дәрігердің қабылдауында болдым.Маған берген емшарасын, дәрілердің дозасын Шәкеңмен (ChatGPT) ақылдасып бергенін байқап қалдым.
Дала қараңғы болған соң, барлығы артындағы терезеден көрініп тұрды. Сонау жақтан жолға бір сағат құртып неменеге келдім деймін да? Анализдерімді бірден Шәкеңе көрсетіп, арамызға делдал салмай, тікелей өзінен сұрап ала салуым керек еді, иә?"деп жазды Рая Нұрданқызы атты желі қолданушы.
Раяның бұл жазбасына бір тарап "онда тұрған не бар, дәрігер робот емес қой, бәрін жаттап, есте сақтайтын", "ЖИді қолданғанда тұрған ештеңе жоқ" дсе, қарсы тарап біздегі қазіргі медицинаның мүшкіл халін алға тартып, дәрігерлердің білімсіздігін ашық жазуда.