Әлеуметтік желілерде жаңаша бір челендж басталды деп жазады Democrat.kz.
"Қазақстанда бұрын болмаған челендж бастайық! Орыс тілінде ақпарат тарататын бүкіл әлеуметтік желідегі парақшалардан бас тартайық. "Отписка" жасайық. Инстаграм, Телеграм, Фейсбук, ТикТок сынды әлеуметтік желілердегі орысша ақпарат тарататын парақшаларға "қазақ тілінде ақпарат бер" деп жазып, "отписка" жасайық" деген тиктокер бұл челенджге қатысуға барша халықты шақырды.
Бұл челенджді қолдаған мыңдаған кісі қазірдің өзінде -ақ бірнеше өзге тілді ақпарат парақшалардан "отписка" жасағанын айтуда.