Діндар коуч Жанәділ Райымбеков отбасылық мәселе туралы ақыл айтып, әдеттегідей "әйелді еркектің көлеңкесінде қалдыруға" кеңес беріпті деп жазады Democrat.kz
"Қызық болғанда барлық әйел еркектен внимение күтеді, ал еркектер керісінше әйелінің оған тамағын уақтылы жасап, қабағына қарап, жағдай жасағанын қалайды.
Осыдан келіп бітпейтін тартыс шығады. Еркек әйелінің міндетін дұрыс атқара алмай жүргенін алға тартады. Ал әйел күйеуінен жылу жоқтығын желеу етеді.
Бізде барлық еркек мінсіз әйел қалай болу керек, күйеуін қалай силау керек деген әйлеінің міндеттерін жаттап алған. Ал әйелдер керісінше күйеу қалай болуы керектігін еркектерден артық біледі. Просто әр кім өз міндетін дұрыс атқарса еді.
Сағаттың екі тілі әрқайсысы өз міндетін дұрыс атқарса ғана уақытты көрсететіні секілді, ерлі-зайыптылардың өз огородына сақ болса ғана жемісті болмақ бұл жұп. Олай болмаған тұста бұл ешқашан бітпейтін тартысқа ұласады.
Шыны ыдысты бір - біріне ұрсаң екеуі де сынады. Ал оны жастыққа ұрсаң екеуі де аман қалады. Сондықтан бұл жағдайда екеудің біреуі жастық бола білуі тиіс.
Біреу қайту керек. Кім қайту керек? Кім бір қадам артта болуы керек? Қалай ойлайсыз? Күйеуін чмо қылып, өзі чмоның әйелі боп өмір сүргенше, күйеуін патша етіп, өзі патшаның әйелі боп өмір сүргені дұрыс емес пе?
Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде: “Сендердің Жәннаттағы әйелдерің туралы айтайын ба? Ол - әрбір сүйетін, бала табатын әрі егер күйеуі оған нашар қарым-қатынас көрсеткен болса, немесе оның өзі оны ашуландырған болса, оның қолын алып: «Сен разы болмайынша, мен ұйықтамаймын!», - дейтін әйел”,-деген. (Әт-Табарани “әл-Кәбир”)
Осы хадиске сүйеніп ғалымдар “отбасылық қандай болмасын конфликтіде әйел адам алғаш болып шегінуі керек” - деп ой қорытыпты.
Жарыңыз ез емес, нағыз ер болағанын қаласаңыз бірінші шегініңіз. Ұлыңыз намысты жігіт болғанын қаласаңыз оның әкесінің дәрежесін түсірмеуге тырысыңыз.
“Әйел жылап алса ажарланып кетеді. Әйел ашуланса - жеңіледі, еркелесе - жеңеді. Әйелдің естілігі жеңсе - сұлулығы да арта түседі”,- депті Ғабит Мүсірепов атамыз" деп жазды діндар коуч.
Әрине, діндардың бұл жазбасы еркектерге майдай жаққаны сөзсіз. Десек те, осындай діни таныммен бүгінге дейін "еркекті пір етеміз" деп миллиондаған қыздың тағдыры талқандалғанын Жанәділдің өзі сияқты оқырмандарының ешбірі айтпағаны өкінішті.