Қоғам белсендісі Бекболат Қаржан белсенді педагог Маржан Баимбетова жасалып жатқан қысымдар туралы айтып, дабыл қақты деп жазады Democrat.kz.
"Маржанға келісімге келмесең, жұмыстан босатыласың деп қысым жасауға көшіпті!
Мынау мектеп директорының іс-әрекетіне қатысты шұғыл қызметтік тексеріс тағайындау үшін құзырлы мекемелерге арыз жолдадық. Жағдай түсінікті болуы үшін тарқатып айтайын.
Осыдан біраз уақыт бұрын қазақтың қаршадай қызы Маржан Баимбетованы қорлап, талағанға қатысты посттар жазып едім. Сол Маржанды қорқыту мен үркіту құзреті директор арқылы басқаша профиль мен формаға ауысыпты.
Мен Маржанға осы іс соңына дейін барғанша көмек беремін деп уәде бердім. Маржан, сіз уайымдамаңыз, мен сізге ақыр соңына дейін көмекке келемін.
Маржанның жеке басын аяусыз қорлаған адамға қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабының заң талаптарына сәйкес, қылмыстық іс материалдары әзірге айта атамаймын. Ол аспанды тіреп тұрса да, тіреп тұрған аспаны жерге түсіп кетсе де, Маржанға мен көмек беремін. Ал, енді аз болғандай, сол адамның сөзін сөйлеп мектеп директоры шығыпты.
Мынау мектеп директоры кешегі өткен мәслихат депутаттарының сайлауынан бері маған таныс. Сайлау учаскесінің төрағасы болса да, менің сайлаудағы қарсыластарымның адамдарымен сыпсыңдап, бұрыш-бұрышта жасырын сөйлескені үшін менің арызым бойынша ескерту алған. Бірақ орнынан алынбады. Аты-жөні: Аманқұлов Нұрлан.
«Жаңатірлік» жалпы білім беретін мектебінің директоры Аманқұлов Нұрлан Маржанның жеке басын қорлап, аяусыз жала жапқан адамның сөзін сөйлеп, егер де келісімге келмесең, жұмыстан босатыласың деп отыр екен. Жарайды, жұмыстан кімнің босатылатынын уақытында көреміз.
Осы директоры Аманқұлов Нұрланның заңды өрескел бұзған мынадай әрекеттер жасап отырғаны маған жетті:
1. Кәсіподақ жиынына заңсыз ықпал етіп, Маржанның жеке басын аяусыз қорлап отырған адамның жағына өтіп, егер онымен келісімге келмесе Маржанды жұмыстан шығару әрекетіне көшіпті. Директордың мектептің кәсіподағының жұмысына ықпал жасап, үстінен қылмыстық іс қозғалған айыпталушы адамды қорғап, Маржанды жұмыстан босатамын деп билік етуі құқық қорғау органдары тарапынан тексеріліп, зерделеу жұмыстарын жүргізуге жатады. Іс-құжаттары облыстың білім басқармасы мен прокуратураға жолданды.
2. Мектеп директорының мамандығы – денешынықтыру саласы бойынша екен. Мектепте денешынықтыру пәні сағаты аз болғандықтан жаһандық құзіреттілік пәнінен сабақ алып, денешынықтыруға берілген сағатты осы пәнге төлеттіріп отырған мектеп директоры Аманқұлов Нұрланның заңға көлденең келетін осы әрекеттері де құқық қорғау органдары тарапынан тексеріліп, зерделеу жұмыстарын жүргізуге жатады. Бұл бойынша да іс-құжаттары облыстың білім басқармасы мен прокуратураға жолданды.
3. Мектеп директоры Аманқұлов Нұрлан Қазығұрт ауданы білім бөлімінің бас есепшісі Жамалов Нұрахметтің баласы Жамал Саянды педагог дипломы мен педагог статусы болмаса да математикадан сағат беріп, айлық жаздырған. Бар болғаны Университетте күндізгі бөлімде оқиды деген анықтамамен келген. Жамал Саянның «Педагог мәртебесі» статусы жоқ. Бұл бойынша да іс-құжаттары тексеріс тағайындау үшін облыстың білім басқармасы мен прокуратураға жолданды. Бұл уақытта Қазығұрт ауданы білім бөлімі шошқа тағалап отырған.
4. Сорақысы мынау: заңсыз жұмыс істеген Жамал Саянның ісіне прокуратураға шағымданып, істің ақ-қарасын анықтауға тырысқан әрекеті үшін Маржанды мектеп директоры орынбасары лауазымынан заңсыз босатқан. Бұл бойынша да іс-құжаттары тексеріс тағайындау үшін облыстың білім басқармасы мен прокуратураға жолданды.
5. Мектеп директоры Аманқұлов Нұрлан өзінің оқу ісі жөніндегі орынбасары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын заң талаптарын ескермей, санаттарына қарамастан мектеп директорының орынбасары қызметіне заңсыз тағайындаған. Бұл бойынша да іс-құжаттары тексеріс тағайындау үшін облыстың білім басқармасы мен прокуратураға жолданды. Бұл уақытта Қазығұрт ауданы білім бөлімі шошқа тағалап отырған.
Осындай заңсыз процедураларға жол беріп отырған мектеп директоры әділетсіздікпен алысып жүрген Маржанды жұмыстан шығарып, үстінен қылмыстық іс қоғалып жатқан біреудің жағына өтіпті.Ауданда әділетсіздікпен тынымсыз күресіп жүрген Маржанды біз жақсы білеміз.
Ал, енді сіздер өздеріңіз қорытынды жасаңыздар! Мектепте бала-шағаларыңызды кімдер тәрбиелеп, кімдер оқытып жатқанын, бабалардың болашағын кімдерге сеніп тапсырғандарыңызға баға беріңіздер!? Сіздер адамның жеке басын қорлап, құқын таптап, әртүрлі жағдайда зиян келтіретін адамдардың мектептегі бала-шағаларыңыздың болашағын талқандап отырғанымен шаруаларыңыз бар ма!?
Маржанның ісіне қатысты Қазығұрт ауданы білім бөліміне шұғыл зерделеу жұмыстарын жүргізіңдер деп арыз жолданған. 9 қазан 2025 жылы берген жауабында білім бөлімі не қылмыстық істі, не әкімшілік құқықбұзушылық істі ажырата алмай, бас десе, құлақ деп жауап беріпті. Маман жоқ қой, маман жоқ... Маман жоқ. Шошқа тағалап отырғаны рас сияқты.
Ауданның білім бөлімінің бір есепшісі екі балабақшаға қатысты (сұрастырып білдік) 90 миллион теңгені лудоманияға жұмсап жіберген деп ақпарат тараған. Сөйтсек, бұлар мемлекеттің ақшасын қайда жұмсарын білмеген сияқты.
Мынау жағдай қоғам назарына салындар. Аса мән беріңіздер!
Қазығұрт Ауданы Білім Бөлімі бойынша өз атымнан прокуратураға тексеріске арнайы жолдаймын"деп жазды Бекболат Қаржан.