Кеше Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі консультативтік-кеңесші орган – Jas Kenes (@jaskenes) кеңесінің отырысы өтті деп жазады Democrat.kz.
Онда 2026–2028 жылдарға арналған есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарының жобасы талқыланды.
«Дала Қырандары» қозғалысының үйлестірушісі, кеңес мүшесі Мейірболат Тойтов (@toitov_meirbolat) елімізде есірткінің таралуына қарсы күресті күшейту мақсатында бірқатар нақты ұсыныстарын ортаға салды.
Оның ішінде жастармен жергілікті деңгейде жұмысты дамыту, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың өзара іс-қимылын арттыру, сондай-ақ алдын алу шараларын жүйелеу мәселелері қамтылды.
Жастардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау – ұлттық басымдықтардың бірі.
Сондықтан «Дала Қырандары» қозғалысының мемлекеттік жастар саясатын жетілдіруге атсалысуы – елдің өзекті мәселелерінен шет қалмай, нақты шешім ұсынуға дайын екенінің айғағы.
Дала Қырандары – іс адамдары!