«Дала Қырандары» бірлестігі есірткі саудасына қарсы республикалық науқан бастады, деп хабарлайды DEMOCRAT.
Биыл қыркүйек айынан бастап «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі синтетикалық есірткінің таралуына тосқауыл қою мақсатында #сатқындар атты жаңа бастаманы қолға алды. Бұл республикалық науқанға Қазақстанның әр аймағынан, соның ішінде Түркістан қаласынан да белсенді жастар топтары қосылып, өз үлестерін қосуда.
Бастама аясында еріктілер тұрақты түрде рейдтер ұйымдастырады. Олар қала көшелері мен ғимарат қабырғаларындағы есірткі сататын телеграм-арналардың сілтемелерін анықтап, олардың көзін жоюмен айналысады. Осылайша, жастар есірткінің алғашқы дозасын татып көруге итермелейтін заңсыз жарнамалармен күресіп, көптеген адамның өмірін сақтап қалуға атсалысып жатыр.