Танымал журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында діндар Бекболат Тілеухан өзегін өртеген өкініштері туралы айтып, ағынан жарылды деп жазады Democrat.kz.
Танымал діндар, жыршы Бекболат тілеухан сұхбатының басында - ақ ішкі өкініші мен қазіріг жағдайы туралы айтып: "Алпыс жас оңай жас емес. Өкінбеймін емес, өкінетін жайттар жоқ емес.
Бейнет көріп, аязда қалғанымыз шамалы ғой. Қаусап тұрғанымыз да шамалы. Алайда миыңда ойлап тұрған нәрсеңе бұлшық етің бағынбайды. Білесің, көріп тұрсың, бірақ істей алмайсың.
Нартайдың өлеңі бар ғой, "дәме бар да, дәрмен жоқ" дейтін. Кейбір нәрселерге дәмең бар, бірақ дәрменің жоқ, 55 жастан кейін кете бастайды екен. Аттың ертоқымын ұстап тұрып, секіріп міне алмайсың. Бірақ қалай қарғып мінуді білесің.
Әттегенайымыз көп қой. Әрине, еріншекпіз. Әрине көптеген дүниелерді ұйымдастыра алмай қалдық. Дегенмен, мойныма артылған нәрсені шамам келгенше атқардым деп ойлаймын", - деді.