Данияр Кенжеұлын "тәрбиесіз, ахлақсыз!" деген діндар әйел ҚМБД-ға сауал жолдады

Данияр Кенжеұлын  "тәрбиесіз, ахлақсыз!" деген діндар әйел ҚМБД-ға сауал жолдады

Діндар Дания Шакиман ҚМБДға арнайы сауал жолдап, блогер, діндар Данияр Кенжеұлын "тәрбиесіз, ахлақсыз"деді деп жазады Democrat.kz.

Бірнеше күннен бері әйелдердің етеккірі мен "выделениесіне" қатысты "мен көбірек білем" десіп айтысып жатқан діндарлар Дания Шакиман мен Данияр Кенжеұлы әлі ортақ мәмілеге келмеді. 

Дания Шакиман ҚМБДға "Данияр Кенжеұлы хайыз, нифас бойынша емтихан тапсырған ба? Мүфтиятқа қарасты әйел ұстаздардың білімі соншалықты төмен бе?" Деген сауал жолдады. 

Мұнан бөлек, Дания Шакиман: "Әйелдің етеккірі, "выделениесі" бойынша әйел ұстаздардың білімі төмен дейтіндей, Данияр Кенжеұлы, бала туып, хайыз болып көріп пе едің? Әйелдердің білімін төмендететін дәл осындай адамнан білім алмаңдар!

Бұл адамда не тәрбие жоқ, не ахлақ жоқ. Тәрбиесі мен ахлағы жоқ адамнан білім алынбайды!" Деді.

  

Барлық жаңалықтар