Дап - дардай еркек 13 жасар қызға "сүйісуді үйретемін" деп кездесуге шақырған

Дап - дардай еркек 13 жасар қызға "сүйісуді үйретемін" деп кездесуге шақырған

Заңгер Ләззат Рақышева балаларды педофилдерден қорғау мақсатында топ ашып, біраз арсыз еркектерді әшкереледі деп жазады Democrat.kz.

Түркістан облысында 13 жасар қызға "сүйісуді үйретемін, кездесейік" деп үлкен жастағы еркек жазған. Осы жазбаны әшкерелеп, жариялаған заңгердің жекесіне "Айба" деген жігіт аузына келгенін айтып хат жолдапты. 

"Айбаға" педофилдердің әшкере болғаны керек емес сияқты. 

"Кешегі 13 жасар қызға жазған еркекті мынау айба деген біреу қолдап , жаны шығып отыр !! Ал бір адамдар “бізді де командаңызға қоссаңыз”деп жатыр! 

Түркістан облысынан педофилдерге қарсы күреске дайын азаматтар мен азаматшалар болса маған хабарласыңыздар! Тағы бір “еркек” түсті құрыққа 13 жастағы қызға сүйісуді үйретемін, тағы бірдемелерді… үйретпекші"деп жазды заңгер парақшасында. 

Барлық жаңалықтар