Дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаевтың мына сөзі не сөз?

Дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаевтың мына сөзі не сөз?
Қоғам белсендісі Төртуыл Шоқан атақты нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаевтың діни пікірін сынға алды деп жазады Democrat.kz.
 
"Атақты нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаевты да исламды уағыздауға сатып алған сияқты.
 
Операция уақытында Бақара сүресін қосып қоямын деп, құранды оқып түсінбесе де —жарнамасын сықитып отыр.
 
Демек, "маңдайға жазылған тағдырды" өзгертуге тырысқан дәрігерлікті харам деп, қаншама білім иесін кәпірге шығарып— қуғынға ұшыртқан исламды білмейді.
 
Дәл осы Бақара сүресіндегі, ислам қағидаларына қарсы шыққан адамдарға қатысты, "кәпірді қайдан тапсаңда өлтіріңдер" деген 191 шы аятын оқымаған.
 
Дәрігерлердің де дінге сеніп, оны ақпарат құралдары арқылы жарнамалауына тыйым салу керек.
 
Біліксіздігінен, дұрыс қойылмаған диагноз кесірінен операция столында адамды өлтіріп алғасын "Аллаһтың жазғаны осылай" болды деп, өз біліксіздігін құдайға итере салуына жол бермеу керек.
 
Иә, пациент өлді ме, нақты себебін атасын, болды.
Өлімнің себебін айтып, тіріні сақтандырсын!
Осыны міндеттеу керек!" Деп жазды Төртуыл Шоқан. 
Барлық жаңалықтар