"Денди ойнадық" деген Асхат Аймағамбетов оқырмандарын таңғалдырды

"Денди ойнадық" деген Асхат Аймағамбетов оқырмандарын таңғалдырды

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов  кезінде өзінің "денди" ойынын ойнағанын және қазір қандай интернет ойындарымен әуестенетінін айтты деп жазады Democrat.kz. 

"Шаштаразға барғанда әрқашан PlayStation қосулы тұрады. Кезек күтіп отырғандар көбінесе FIFA ойнап жатады.Ал біз студент кезімізде компьютер клубқа барып, Counter-Strike пен Dota ойнайтынбыз. Бала кезіміздегі дендиді айтпай-ақ қояйын ))Сіз қай ойынды ойнадыңыз? " деп сауал тастады Асхат Аймағамбетов. 

Депутаттың сұрағына оқырмандары әрі таңғалып, әрі сүйсініп жатыр. "Сіз де ойын ойнайсыз ба?", "дота ойнайсыз ба не?", "өзіміз сияқты екенсіз ғой"дескен жұрт жапырылып пікір жазуда. 

Дайындаған Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ. 

Барлық жаңалықтар