Денсаулық министрлігі: Соңғы үш жылда жол апатынан болатын өлім 8,4%ға азайды

Денсаулық министрлігі: Соңғы үш жылда жол апатынан болатын өлім  8,4%ға азайды

 Жол-көлік оқиғаларының саны 127,5%-ға өсіп, зардап шеккендер саны 2,5 есеге артқанына қарамастан, Қазақстанда соңғы үш жылда жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын өлім деңгейі 8,4%-ға төмендеді деп хабарлайды Democrat.kz.

 Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас травматологы, академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының басшысы Олжас Бекарысов мәлімдеді.

Жарақаттанушылық пен жол-көлік жарақаттануын төмендету мәселелері жөніндегі кеңесте Денсаулық сақтау министрі Акмарал Әлназарова профилактикалық іс-шараларды үйлестіру үшін мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті. 🔷Ведомствоның мәліметінше, соңғы он жылдың ішінде жарақаттардан, уланулардан және жазатайым оқиғалардан болатын өлім көрсеткіші екі есеге жуық төмендеп, халықтың 100 мың адамына шаққанда 82 жағдайдан 47,2 жағдайға дейін қысқарған. Оң динамика биыл да сақталуда: 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша көрсеткіш 38,7-ні құрады. Сонымен қатар, жол-көлік жарақаттануы сыртқы әсерлерден болатын өлімнің негізгі себептерінің бірі болып қала береді. Соңғы үш жылдың ішінде тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 15,8 мыңнан 36,1 мың жағдайға дейін өсті, ал зардап шеккендердің саны 19,5 мыңнан 49,2 мың адамға дейін артты.

Осы ретте қаза тапқандар саны 2543 адамнан 2330 адамға дейін азайды. ⚫️

Олжас Бекарысовтың айтуынша, жол-көлік оқиғаларының көбеюіне әсер ететін факторлардың қатарында профилактикалық жұмыстың жүйелі жүргізілмеуі, жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетінің төмендігі және мүдделі мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттілігі атап өтілді.

Кеңеске қатысушылар ауруханаға дейінгі кезеңдегі өлімнің жоғары деңгейіне ерекше назар аударды. Бұл көрсеткішті төмендету үшін жедел медициналық жәрдем бригадаларының жету уақытын одан әрі қысқарту, медициналық ұйымдардың дайындығын арттыру және автомобиль жолдарында шұғыл көмек көрсету инфрақұрылымын дамыту қажет. ✅

Осы міндеттерді шешу мақсатында 2026–2030 жылдарға арналған жол-көлік жарақаттарының теріс салдарын төмендету жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспары іске асырылуда.

Барлық жаңалықтар