Денсаулық сақтау министрі жеке азаматтармен кездесіп, бірқатар сұрақтарға жауап берді

Денсаулық сақтау министрі жеке азаматтармен кездесіп, бірқатар сұрақтарға жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жеке азаматтарды қабылдап, бірқатар мәселелерді шешуге және халықтың сұрақтарына жауап берді деп жазады Democrat.kz.

 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштерін жедел қарап, халықты толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Қабылдау барысында туа біткен есту қабілеті бұзылған балалардың ата-аналарының өтініштеріне ерекше назар аударылды.

Астана қаласының тұрғыны қызын шетелде емдетуді ұйымдастыруға көмек сұрап жүгінді – салалық мамандарға мүмкін болатын барлық көмек нұсқаларын қысқа мерзімде пысықтау тапсырылды. Осыған ұқсас өтініш Павлодар облысынан да түсті: баланың медициналық құжаттары жан-жақты зерделеу үшін жіберілді, отбасына оңтайлы шешім ұсынылатын болады.

Өтініштердің бірі жедел шешімін тапты – өтініш иесі Ұлттық нейрохирургия орталығына оңалтуға жіберілді. Барлық өтініштер министрдің жеке бақылауына алынды.

Ведомствоның мәліметінше, жеке қабылдау форматы нақты мәселелерді жедел шешуге ғана емес, сонымен қатар медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған жүйелі шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, жергілікті бюджет қаражатының есебінен «СҚ-Фармация» арқылы есту аппараттарын орталықтандырылған сатып алу тетігін қарастыру тапсырылды. Бұл шара бүкіл ел бойынша отбасылар үшін қажетті көмектің қолжетімділігін арттырады деп күтілуде. 

Дереккөз: Денсаулық сақтау министрлігі. 

Барлық жаңалықтар