Депозиттен 5% салық ұсталады деген ақпаратқа министрлік жауап берді

Депозиттен 5% салық ұсталады деген ақпаратқа министрлік жауап берді

Қазақстандықтардың банк депозиттерінен алатын сыйақысына 5 пайыздық салық енгізіледі деген ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Ұлттық экономика министрлігі мұндай өзгеріс жоспарланбағанын ресми мәлімдеді, деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желілерде жаңа Салық кодексіне байланысты депозиттен түсетін табыстың бір бөлігі мемлекетке төленеді деген хабарламалар тараған.

Ұлттық экономика министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ведомствоның мәліметінше, жеке тұлғалардың Қазақстан банктеріндегі депозиттері бойынша алатын сыйақыларына салық салу жоспарланбаған.

Яғни азамат банкке ақша салып, одан сыйақы алса, әлеуметтік желілерде айтылған 5 пайыздық төлемді төлеуге міндетті болмайды.

Министрлік азаматтарды салыққа қатысты ақпаратты ресми дереккөздерден тексеруге шақырды. 

Барлық жаңалықтар