Депрессияға түспейтін адам болмайды. Осындағы үлкендер ұл өсіріп, қыз бойжеткізіп отырсыздар. Балаларыңыздың есейгенде әлдебір нәрсе үшін күйіктенбеуі, депрессияға түспеуі мүмкін емес.
Сол кезеңдерде балам жабығу ауруына, меңіреу ауруына, бұқпа ауруына шалдықпасын, меңірейіп қалмасын десеңіз сәби күнінде оған түлкі тұмсықты бас киім кигізіңіздер.
Қандай аңқиған баланың өзі оны киіп өссе қағілез болады. Мұндай бас киімде түлкі тұмсығы адамның аңқайғыш тұмсығының үстіне тураланып тігіледі.
Қазақ медицинасында психологиялық санасы салданған науқастарды түлкі тұмсығынан 3 дананы талқандап емдейтін рецеп бар. Бірақ, у жемеген түлкі болуы керек. Интернет бетінен осындай бас киім киген балаларды Моңғолия қазағының суреттерінен көріп қаламын.
Менің өзім де осындай бас киім киіп өскенмін. Дені сап-сау, бойы келісті, киімі жарасымды болсада сабырлы көрінген кейбір адамдардың іс-әрекеттері меңіреу адамға жақын. Ондай адамдарды министрліктен тартып әр орыннан көріп қаламын. Жайдары жүріп те бір нәрсені істеймін деп , артынан есіне түссе де назары басқа нәрсеге ауып салғырттанып қала беру де меңіреулік.
Түлкі тұмсығын талқандап жүйке ауруларын емдегенде, оған сиырдың өт тасы, аюдың өті, магни тас, сыр тас, тасқа айналған сүйек, меруерт тас секілділерді қалдырмай қосатыны бар. Ересек адамдар таза меруерт тас тағатын болса, ол да тағушы адамды қайғының қынабынан шығарып, көңіл-күйін тыныштандырады.
Авторы - Көкбөрі Мүбарак ҚИЗАТҰЛЫ.