Сұхбат алушы Ардақ Назаровтан кәсіп туралы сұраса, ал ол жаттығулары туралы жауап берген, — деп хабарлайды Democrat.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
Жүргізуші “Сіз депутатқа дейін спортшы кәсіпкер болғансыз. Сонда қандай жобалар болды? Не істедіңіз?” деп сұрақ қояды.
Мәжіліс депутаты жүргізушінің сұрағына былай жауап береді:
”Мен аптасына таңертең, кешке 14-15 жаттығу жасайтынмын. Әрбір жексенбі күні тауға жүгіретінмін. Таудың биігінде көзіме жас келіп, жылайтынмын. Сол кезде өзіме “Ардақ, жылама, тоқтама. Қазір сен тоқтасаң, әлем чемпионаты бола алмайсың” дейтінмін”, — деп жауап берді Мәжіліс депутаты.