Парламент төрінде анасын туған күнімен құттықтап, неше күннен бері елді шулатқан депутат Ардақ Назаров туралы басқа да маңызды дүниелер жоқ емес деп жазады Democrat.kz.
Shishkin.like ақпараттық әлеуметтік парақшасы депутат Ардақ Назаров туралы біраз мәліметтерді жариялады.
Парламент төрінде бүгінге дейін Ардақ Назаров сауал жолдаған санаулы ғана мәселе бар. Олар:
Елдегі ЛГБТ өкілдеріне қарсылық танытып, сауал жолдаған;
Алматыдағы зілзалаға қатысты айтып, "бұл Алланың ескертуі" деген;
Дженифер Лопестің Қазақстанға келуіне қарсылық танытқан;
Қазақстандағы ажырасулардың көбеюіне аса назар салуды сұрап, Олжас Бектеновке сауал жолдаған;
Депутат болғанға дейін Ардақ Назаров "Alem Fighters" атты спорт мектебінің директоры болған. Алайда мұндай атпен бизнес реестрде ешқандай спорттық мекеме тіркелмеген.
Әйте де, дәл осы мектеп атауымен сауда жасаушы ЖШС тіркелген. Бұл ЖШСге Шыңғыс Назаров пен Ардақ Назаров дпеутаттыққа дейін иелік еткен. ЖШС ешқандай салық төлемеген.
Ардақ Назаровтың екі інісі Шыңғыс пен Бейбіт жеке бизнеспен айналысады.
Ал депутаттың әйелі Маржан Кокушева бертінге дейін мектепалды даярлық "Alem Shool" ЖШСнің құрылтайшылар құрамында болған. Алайда бір ай бұрын Маржан Болатқызы ол жақтан кеткен.
Маржан Кокушеваның атында "ЖК Әдеп" жеке кәсіпкерлігі тіркелгенімен, бұл бизнестен әзірге ел қазынасына ешқандай салық түспеген.