Парламент мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев үйдегі жарын таныстыра отырып, оны қалай ағайын-туысының түртпегінен қорғап жүргенін айтты, деп жазады Democrat.kz.
Оның айтуынша, өмірлік жарын алыстан олжаламай, бірге өскен көршісінің қызын алған екен. Тіпті, екі құдағи ертеден жақын араласатынын құрбы болса керек. Десе де ол арада түсінбестік орнаған кезде келіншегін қалай қорғайтынын бөлісті.
«Мен Лаураға туысқандарымның тарапынан бірнәрсе ұнамай жастса, ол адамның бетіне айтпа, бірінші маған айт. Сен үндемей қоя сал. Кейін мен өзім шешемін» деймін.
...Келін отбасыға жақпауы мүмкін, немесе келін қыздай болмауы мүмкін. Бірақ ер азамат осы бір жауапкершілікті де алу керек. Менің қарындасымның да өзіндік мінезі бар. «Егер сол қайынсіңліңнің мінезі ұнамай жатса, оны да маған айт, өзім сөйлесемін» деймін.
Аллаға шүкір, отасқанымызға биыл он жыл. Осы жылдар ішінде «енем» дейтіндей, «қайынсіңілім» дейтіндей ұрыс-керіс болған жоқ» – деді Мұқаев, үйдегі татулықты қалай ұштастырып жүргенін бөлісіп.(Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)