Депутат Астанада ұлдары әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарын әлдебір топ митингіге арнайы дайындады деген пікірде, деп жазады Democrat.kz.
«Аналардың үстеріне қызыл әріппен жазғызып кім әкелді. Артында ұйымдастырған бір күштер бар. Баласының өлігін мырыш табытпен алу әрине трагедия. Азаматтық тұрғыда көңіл айтамын. Мен де әскерде қызмет еткем, мен де білемін. Бізде әскерде әлімжеттік жоқ», – деді Бапи.