Танымал журналист Назира Дәрімбет өзінің YouTube арнасында кешегі оппозиционер, бүгінгі депуат Ермұрат Бапи туралы жұрт білмейтін сұмдықтар мен шындықтарды бүкпесіз айтты деп жазады Democrat.kz.
Ермұрат Бапи қазақ қоғамына халықшыл, ұлтшыл "қасиетімен" етене жақын танылып, жұрттың сеніміне "билікке қарсы сын айтатын" газеттерімен кіргені мәлім.
Журналист Назира Дәрімбет қазіргі Мәжілістің мінберінен "өткір" мәлімдемелер жасап жүрген Ермұрат Бапидың кешегісі мен бүгінгі әрекеттері мен сөздеріне өте сауатты талдау жасап, жіліктеп тастапты.
"Ермұрат Бапидың өмірін 2019 жылға дейін және 2019 жылдан кейін деп екіге бөліп қарау керек сияқты. 2019 жылға дейін митингілер мен оппозициялық партия мінберлерінде халыққа жағатын дүниелерді ұрандата айтып келген адам депутат болған сәтте мүлде басқа сайрай бастағаны мәлім.
Жалпы, Ермұрат Бапи кезінде Әкежан Қажыгелдинмен бірге билікте қызмет еткені жасырын емес. Алайда кейінірек Қажыгелдин қудалауға түскен соң, Бапи да жылы орнынан кетті.
Билікті сынап, өткір дүниелер айтып, жазып жүргеніне қарамастан, Бапидың ресми әйелі "Қазақстан" телеарнасында еш кедергісіз жұмыс істеуі де көңілге күдік салмай ма?"деген Назира Дәрімбет депутат Бапидың ЖСДП партиясынан кетуі, шетелден келген ақшаларды қалтасына басуы, журналистерін жалақысыз қалдыруы мен заңсыз некелік өмірі туралы да бар шындықтың шетін шығарған.
Кешегі оппозиционер, бүгінгі депутат Ермұрат Бапидың былыққа толы тірліктері туралы білгіңіз келсе, төмендегі арнаға өтіп, тыңдауға кеңес береміз.