"Депутат мандатын тоқалына тастаған": Биік мінберден "тоқал" сөзі неге айтыла бастады?

"Депутат мандатын тоқалына тастаған": Биік мінберден "тоқал" сөзі неге айтыла бастады?

"Қазақстанда тоқал алуды заңдастыру керек" деген депутат Абзал Құспанның айтқанына қатысты журналист Диас Нұрақын пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.

"Қазақстанда тоқал алуды заңдастыру керек. Өйткені әйел құқығын қорғаймыз деп жүргенде тоқалдың құқығы қорғалмаған.

Ол алимент өндіре алмайды, «балама жағдай жасап бер» деп заңды түрде талап ете алмайды. Біз осыған қашанғы көз жұмып қарап отыра береміз? Сондықтан мұны заңдастыру керек" депті Мәжіліс депутаты Абзал Құспан. 

Тұрсынбек «тоқал» тақырыбына тұз сеуіп кеткен сияқты. Өткенде тағы бір мәжілісмен Темір Қырықбаев «мәслихаттағы мандатын тоқалына тастап» кетті деген гу-гу өсек тараған.

Сол жазбама бір оқырман «өздері заңсыз тоқал алғанша соны заңдастырып берсе талай адамның алғысын алар еді»-деп пікір қалдырыпты.

Халықтың пікірімен парламенттегілер санасатын сияқты. Тоқалды заңдастырайық деп жатыр енді."деп жазды журналист 

Барлық жаңалықтар