"Депутат сайлаушыларынан кешірім сұрауға тиіс!" дейді қоғам белсендісі

"Депутат сайлаушыларынан кешірім сұрауға тиіс!" дейді қоғам белсендісі
Қоғам белсендісі Бурахан Дақанов депутат Ардақ Назаровтың Парламент отырысында шешесін туған күнімен құттықтауына қатысты пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.
 
"Жалпы, Мәжіліс төрінде анасын құттықтап, парламентті инстаграммен шатастырып алған Ардақ мырза, лауазымын асыра пайдаланған бұл қылығы үшін электораттан кешірім сұрауы тиіс.
 
Мәжіліс төрағасы депутатқа қатаң сөгіс жариялайды деп үміттенемін.
Бәрімізде анадан туғанбыз, бірақ анаданда қасиетті дүние бар. Ол Отан!!!!
 
Қазіргі кей депутат, өзінің депутат екенін, депутат деген белгілі бір жердің, ұлттың, рудың, отбасының ғана адамы емес, күллі Республикаға жауапты адам екенін сезінбейтін секілді.
 
Әлемнің Парламенттерін көріп қызығасың кәдімгідей, күнде бір төбелес, қырғын, жаға жыртыс. Қабылданатын заңдары кәдімгідей текетірестермен, у шумен, дәйектермен қабылданады.
 
Ондай қызықпен қабылданған заң, нағыз заң боп, ұзаққа шыдары анық). Жалпы, бізде сондай Парламент болса, Ардақ мырза көптеген жетістіктерге жетер ед, бірақ біздің Парламент басқа). Біз басқамыз!
 
Оның үстіне, біздің мәжілістегі "сөз айту мәнеріне" жыным келед шынымен. Мәжіліс емес, тап бір "мәнерлеп сөйлеуден" жарыс өтетін жер секілді.
 
Оның өзі, көзге қарап емес, төмен қарап парақтан оқылғасын — көзге ретсіз көрініп, құлаққа да жағымсыз естілед. Осыны ұзын сонар қып оқымай, еу ағайын, анау — мынау деп халықтың миын сықпай, интригаларды жояйық, лақтырылған тасты емес, тас лақтырған қолды тауып жазалайық, әйтпесе өзіміз құрбандыққа кетеміз .
 
Қимылдайық нақ. "TAUEKEL" әкесс деп атып тұрмайма біреуі. Уот қызықтың көкесі сонда болар ед.
Айтпақшы, осыдан біраз уақыт бұрын бір министрге сын айтқан бір депутаттың видеосын көріп ем.. Шапты кеп ана кісі, маржан сөздер, мақал— мәтелдерді төкті ай кеп.
 
Ондай сөздерді, өмірінде тек кітаптан оқып, кинолардан көрген министр мырза абдырап, не дерін білмей қалды. Оның үстіне орысшасы көбірек адам ед, жартысын түсінбей қалды ау сол кісі.
 
Қысқасы, не үшін келгенін, өз саласындағы қай сұраққа жауап берерін білмей, депутаттың көмейінен көктен аққан жұлдыздай маржан сөздеріне қайтарым ретінде лайықты әдеми терминдар ойластырам дегенше сөйлейтін уақыты өтіп кетті ана кісінің.
 
Нәтижесінде министр жаман, ал депутат, депутаттың видеосы мыңдап лайк жинады. Абыройы артты. Ал мәселе қалды сол күйі.
 
Өйткені ол депутат ертеңінде басқа мәселені маржан сөздермен жеткізіп жатыр еді..
Қысқасы, мәжіліске "сөз сөйлеу мәнерінің этикасы" енгізіліп, реттелу керек деп ойлаймын.
 
Қысқасы, 2027 ге дейін кім бар кім жоқ, сол референдумді тарс еткізіп өткізіп тастап, жаңадан депутаттар жасақтап алмаймыз ба? Ә?"деп жазды Бурахан Дақанов. 
Барлық жаңалықтар