Еліміздің депутаттары жаңа жыл қарсаңында бір біріне қандай сыйлық беретінін айтты деп жазады Democrat.kz.
Абзал Құспан әр жаңа жыл қарсаңында жақын достарына, жастарға он "Жетістікке жететін адамның күнделігі" дегенді сыйлайтынын айтты. "Көбіне жастарға сондай сыйлық беруді әдетке айналдырғанмын" дейді депутат Құспанов.
Ал депутат Ермұрат Бапи сыйлық жасауды әркімнің жеке мәселесі екенін айтып: "Сіз маған көңіліңіз қалап, сыйлық жасағыңыз келсе, мен де сізге солай сыйлық жасауым мүмкін" деп күлді.
Ал депутат Нұржан Бейсенбаев өзі үшін "ең қымбат сыйлық галстук" екенін айтады.