"Депутаттың ақшасы аз" деген Айдос Сарымды білікті ұстаз сөзбен түйреді

"Депутаттың ақшасы аз" деген Айдос Сарымды білікті ұстаз сөзбен түйреді

Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның айтуынша, қазір бір депутатқа жылына 195 млн теңге кетеді. Оның сөзінше, бұл сома көп көрінгенімен, басқа елдермен салыстырғанда аз екен деп жазады Democrat.kz.

Депутат 2015 жылы бұл көрсеткіш 70 млн теңге болғанын айтты. Ал қазір шығын бірнеше есеге өскен. Сарымның пікірінше, халық қалаулыларына бөлінетін қаржы жеткіліксіз.

Депутаттар саны 150 адамға дейін жетуі ықтимал. Бұл мәлімдеме қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Белсенді ұстаз Сұлтан Сүлеев депутаттың бұл пікіріне қатысты: "Шетел депутаттарымен салыстырғанда бұлар су тегін жұмыс істеп жүр екен.

Шет ел халқының жалақысын біздің халықтың айлығымен салыстыру керек еді. Сонда бір логика шығады. Мықты педагог жылына 6-7 млн жалақы алады. Мына бір депутат болмаса отызға жуық мұғалімге жоғары айлық төлеуге болады екен.

145 депутат-құрылтайшы болатынын ескерсек қаншама мектеп пен жұмыс орнын ашуға болады.
 
Мәжіліс депутаттары соңғы кезде саяси камикадзе ролін сомдап жүрген сияқты. Осындай оғаш пікірлер тым көп болып барады.
 
"Пан или пропан" дегендей. Соңғы ай қалды. Мәжілісте жүрген кезде өзін тағы бір көрсетуге тырысып жүрген сияқты", деп жазба жариялады. 
 
Барлық жаңалықтар