Дербес деректер тараса, компаниялар бір күн ішінде хабарлауға міндеттеледі

Дербес деректер тараса, компаниялар бір күн ішінде хабарлауға міндеттеледі

Қазақстанда азаматтардың дербес деректерін қорғайтын жаңа талаптар бекітілді. Деректер базасына заңсыз қол жеткізу немесе ақпараттың таралуы анықталса, оператор бұл туралы уәкілетті органға бір жұмыс күні ішінде хабарлауы керек, деп жазады Democrat.kz.

Жаңа ережелер 22 қыркүйектен бастап қолданылады.

Құжатта алғаш рет дербес деректерді өңдейтін операторлар өңдейтін ақпарат көлеміне қарай үш санатқа бөлінеді.

10 мыңға дейін адамның дерегін өңдейтін ұйымдар шағын, 10 мыңнан 500 мыңға дейінгісі орта, ал 500 мыңнан астам адамның мәліметімен жұмыс істейтіндер ірі оператор болып есептеледі.

Қолжетімділігі шектеулі деректер Қазақстан аумағында орналасқан серверлерде немесе деректерді өңдеу орталықтарында сақталуға тиіс.

Заңсыз қол жеткізу анықталған жағдайда компания оның салдарын азайтып, уәкілетті органды бір жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

Заңды тұлғалар дербес деректерді өңдеуге жауапты арнайы қызметкер де тағайындайды.

Құжатта «дербес деректерді жою» ұғымы да нақтыланып, ақпаратты кейін қалпына келтіру мүмкін болмайтындай етіп өшіру қарастырылған. 

Барлық жаңалықтар