Димаш отбасын құру туралы сұраққа жауап берді

Димаш отбасын құру туралы сұраққа жауап берді

Димаш Құдайберген Астанада өткен форумда ашық сұхбат барысында өзінің жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, деп жазады Democrat.kz.

Әңгіме кезінде жанкүйерлерінің бірі әншіден қашан отбасын құруды жоспарлап жүргенін сұрады.

Димаш соңғы уақытта мұндай сұрақтардың жиілеп кеткенін жасырмады.

Сонымен қатар ол бұл мәселеге аса байыппен әрі үлкен жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті.

«Өмірде әр нәрсенің өз уақыты болады. Әсіресе, өмірлік жар таңдауда асығыстыққа жол бермеу керек. Қатты сезімге беріліп, қыз баласының тағдырын ойрандатудан қорқамын. Қыздарымыздың қадірін қатты қастерлегендіктен бе бұл тақырыпқа мен басқаша қараймын. Үйленгеннен кейін соңына дейін сол кісімен бір жастықта қартаюды армандаймын. Әлеуметтік желілерде әртүрлі жаңалықтарды көзіміз шалып қалып жатады. Қарындастарымызды ренжітіп жатқан азаматтарымыз жоқ емес. Қазақтың қыздарының жақсы жағын айтып, жамандыққа қимай нұрын тасытып отыратын болсақ біздің еркектігіміз сонда болады. Қарындастарымызды аялайық», – деді ол.

Әнші кейде сезімге беріліп, қыз баланың жүрегін жаралап алудан немесе оның тағдырына кері әсер етуі мүмкін қадам жасаудан қорқатынын жеткізді. Сондай-ақ ол әйел затына әрдайым құрметпен қарайтынын айтып, неке мәселесінде ойланып, салмақты шешім қабылдауды жөн көретінін айтты.

Барлық жаңалықтар