Димаш Құдайберген әкесі туралы шындықты айтты

Димаш Құдайберген әкесі туралы шындықты айтты

Әлемге әйгілі Димаш Құдайберген "Бизнес под капотом" Youtube арнасына эксклюзивті сұхбат берді.

Сұхбат кезінде ол «папа» деп өзінің атасын еске түсірді.

«Бүгінгі күнгі біздің бақытты сәттеріміз, азды-көпті жетіп жатқан жетістігіміз тікелей сол кісілердің бізге бала кезден бергі құйған қаржылық еңбегі, риясыз махаббатының арқасында деп білемін. Біздің папамыз күні кеше қайтқанына екі жыл уақыт болып қалды. Өте дана, кемеңгер кісі еді. Папамыздың әрбір айтқан ақыл сөздері, нақыл сөздері, дана сөздері мәңгі жанымда қалды. Маған мәңгілік өшпейтін рухани азық болып қалды. Папамыз өте айшыл адам еді. Біздің әрбір кемшілігімізді көріп, оны түзеп, ақыл айтып санамыздың дамуына ерекше үлес қосатын. Папамыздың өзінің жақсы көретін тұлғасы болды. Дінмұхаммед Қонаев. Сол кісінің бойындағы жақсы мағынада айтқанда кірпияздығы, ішкі мәдениеті, өзін өзі ұстауы, аристократтық қасиеттері туралы әрдайым ауыз толтырып айтқанды ұнататын. «Осы кісіден үлгі ал, осы кісі бұрын осылай» деген сияқты. Ең алғаш рет сәби Димашты, бала Димашты музыка әлеміне әкеліп, ұлттық дәстүрге, ұлттық құндылыққа баулыған, ең алғаш рет қолыма қара домбыраны ұстатқан, кезінде «Еркем-ай» деген күйді үйреткен папамның еңбегі орасан зор. Қазіргі таңда ол кісі өмірден өткеннен кейін ол кісінің жетіспейтіндігі айдан анық көрінеді, қатты сезіледі. Кейде бір кеңескің келеді, ақыл сұрағың келеді», — деді әнші.

 

Сондай-ақ, сұхбат барысында «ағатай» дейтін өзінің әкесі туралы айтып өтті.

«Аяқ алысымды кеңесімен көңкеріп, әкелік қолдауын көрсетіп, ақылын айтып жүрген ағатайымыз бар. Ағатайымыздың әрбір айтқан сөзі біз үшін заң. Бұлжытпай орындау керек. Сол себептен Құдайға шүкір, кеңесетін адамдарым әрдайым жанымнан табылып жүр. Мамамыз да әрдайым концерттеріміздің алдында батасын беріп жатады. Сол себепті өзімді ерекше бақытты жан санаймын», — деді әнші.

 

 
Барлық жаңалықтар