"Димаштың әкесі мені сотқа берді" деген тиктокер әнші туралы тағы ауыр сөздер айтты

"Димаштың әкесі мені сотқа берді" деген тиктокер әнші туралы тағы ауыр сөздер айтты

Біраз уақыттан бері қазақстандық өнер жұлдыздарын өзінше "сынап", кейбірін тіпті балағаттап, ал кейбіріне "алаяқ" деп ТикТок желісінде видео жариялап жүрген Берік Сәбитұлы өзін Димаш Құдайбергеннің әкесі сотқа бергенін мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.

Тиктокер Берік Сәбитұлы бұған дейін әнші, өнер жұлдызы Димаш туралы, Сәкен Майғазиев туралы т.б.танымал шоу бизнес өкілдері туралы ауыр сөздер айтып, видеолар жариялағанын жазған болатынбыз. 

Күні кеше Берік Сәбитұлы: "Мені Димаштың әкесі сотқа беріпті. Димаш деген алаяқ, сатқынның әкесі мені сотқа беріпті.

Маған тікелей хабарласып, сөйлессе, мен жаңағы видеоны алып тастар едім. Бірақ олар менімен келісімге келмеді. Олар өте қорқақ. Оларды мамалары қыз қылып туған. Мені сотқа берген. Бұл жігіттікке жатпайды. 

Димаш қыз, сондықтан да үйленбей жүрген сияқты" деп, тағы да әншінің атына ауыр сөздер айтты. 

 

Барлық жаңалықтар