Әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан “Астана медицина университетін” дәрігер мамандығы бойынша тәмамдады.
Қуанышты жаңалықты Раушанның анасы Света Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Раушантайымыз – болашақ дәрігер. Ақ Рәшөніміз дипломын алып, қуанып тұрмыз. Еліңе қызмет етіп, халқыңның жанына араша болар білікті дәрігер бол, ботам”, – деп жазба жариялады Света Айтбаева.
Қанат Айтбаев та желіге сурет жариялап, қызына ақ жол тіледі.