Танымал журналист Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында сүйінші жаңалығымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
"Алақай, сүйінші!
Жеке шекарамызды қорғауға арналған жаңа ән дайын!
Бұл ән — баланың «жоқ» деп айту, өз кеңістігін сезіну, қауіпсіздік туралы түсінігін дамыту үшін жазылған.
Неліктен әнмен үйрету тиімді?
• Музыкамен берілген ақпарат 5 есе тез есте қалады;
• Ән айту баланың эмоциясын реттейді, қорқынышты азайтады;
• Әуен арқылы үйрену — жадты жаттықтырады және мінез-құлық моделін қалыптастырады.
Сондықтан бұл әнді балабақшада бірге шырқайық,
ал бастауыш сыныпта — сергіту жаттығуы болсын деп тілеймін.
“Жеке шекара” тақырыбы — менің «13 ақиқат» атты тұңғыш кітабымның бір тарауы.
Тереңірек білгіңіз келсе — кітаптан оқуыңызды сұраймын
Пікірлеріңізді жазыңыздар, мен дайынмын
Әннің толық нұсқасы — Balafunny YouTube парақшасында!"деп жазды журналист.