Танымал блогер Динара Сәтжан "Хабар" арнасына берген сұхбатында өзінің басты арманы туралы айтты деп жазады Democrat.kz.
"Бала кезімде екі досыммен өзімізше видео түсіретінбіз. Қазіргі тілмен айтқанда, блогер сияқты едік.
Сол кездері "мен "Хабар" арнасында диктор болғым келеді" деп арманымды айтқаным бар еді. Иә, арманым ел таныған, медианың қайнаған ортасында жүру болатын. Арманыма жеттім" дейді Динара Сәтжан.