Танымал блогер, тележурналист Динара Сәтжан ұлының тойын күзде жасайтындарын айтып, тойға дайындалу барысын сөз етті деп жазады Democrat.kz.
Динара Сәтжанның жалғыз ұлы жақында сүйген қызына сырға салып, құдалық өткізген еді. Енді алда үлкен үйлену тойына дайындық басталыпты. Бұл туралы Динара Сәтжан: "Бұйыртса, күзде үлкен тойды жасауды жоспарлап отырмыз. Тойда жас жұбайларға арналған торттың алғашқы бөлігін бірінші болып мен жеймін деп ойлағанмын.
Қарасам, әлеуметтік желіде бұл мәселе "ред флаг" екен. Торттың бірінші бөлігін өздері жесін жастар. Маған ең бастысы, екеуі бақытты болса болды", - деді.